Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІІ сессиясы өтті

    Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІІ сессиясы өтті

    2026 жылдың 30-шы қыркүйек күні «ӘDILET» саяси партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында тоғызыншы шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІІ сессиясы өтті.

    Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Жәнібеков қатысты. Кезектен тыс сессияны мәслихат төрағасы Ж.Әбенов жүргізіп отырды. Сессияның қарауына 1 мәселе қойылды.

    Күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №49-4 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды, бұл бойынша Шу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Ахылбекова хабарлама жасады. Қаралған мәселе алдын ала өткен тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқылануына байланысты сессияда тиісті шешім қабылданды.

    Осымен IX шақырылған Шу аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXІІІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шу ауданы мәслихатының аппараты" жаңалықтары