Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

    2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

    Қазақстан РеспубликасыныңЖидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігіндегі) Бас консулдығыжанындағы № 459 сайлау учаскесі құрылды. Сайлау учаскесі 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады.

    Бас консулдықтың мекен-жайы: Al-Mustaqar str. 16, Al-Khalidiya District, Jeddah 55615

    18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы сайлауға қатысуға конституциялық құқылы.

    Сайлау құқығыңызды жүзеге асырудың кепілі — сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде деректеріңіздің болуы.

    Дауыс беру сайлау бюллетеньдері арқылы жүзеге асырылады.Бас консулдықжанындағы №459 учаскеде +96658 066 0820телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз.

    Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаты болуы тиіс.

    Қосымша ақпаратпен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Бас консулдықтың бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларымен танысуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі)" жаңалықтары