Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулдығы (Сауд Арабиясы Корольдігі)

    Бас консулдық туралы

    ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қаулысымен Жидда қаласында Қазақстанның Консулдығы жұмыс істеді, ол ҚР Президентінің 2019 жылғы 5 тамыздағы Жарлығымен ҚР Жидда қаласындағы Бас консулдығынаөзгертілді.

    Консулдық округке Мекке провинциясы (Мекке, Жидда, Таиф, Тувал және т.б. қалалары) және Медина провинциясы (Медина, Янбу және т.б. қалалары) кіреді.

    Бас консулдықтың негізгі қызмет бағыттары Қазақстан Республикасының, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өзінің консулдық округі шегінде Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

    Бұдан бөлек, Бас консулдыққа Қазақстан Республикасының Ислам ынтымақтастығы ұйымымен, оның түрлі институттарымен, соның ішінде Жидда қаласында орналасқан Ислам даму банкімен қарым-қатынастарын дамытуға жауапкершілік жүктелген.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Astana International Forum 2025: Ойлар байланысы, болашақты қалыптастыру

    2025 жылы Қазақстан әлемдік көшбасшыларды, сарапшылар мен бизнес өкілдерін маңызды халықаралық форум – Astana International Forum (AIF2025) аясында 29-30 мамырда Астанада қабылдайды. Форумның тақырыбы – «Ойлар байланысы, болашақты қалыптастыру». Өсіп келе жатқан ғаламдық тұрақсыздық пен поляризация жағдайында AIF2025 қазіргі заманның негізгі сын-қатерлерін талқылайтын және халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолдарын іздейтін алаңға айналмақ. Қазіргі таңда әлем халықаралық қатынастардағы тұрақсыздықтан бастап климаттың өзгеруі қаупі мен экономикалық сенімсіздікке дейінгі күрделі мәселелермен бетпе-бет келуде. Осы тұрғыда, Қазақстан өз стратегиялық орналасуы мен өсіп келе жатқан ықпалын ескере отырып, ғаламдық өзгерістерді бастамалауда маңызды рөл атқарады. AIF2025 форумы Қазақстанның көпжақты ынтымақтастықты қолдауда және ең өткір халықаралық мәселелерге практикалық шешімдер табудағы күш-жігерінің жалғасы болмақ. Форумның негізгі назарында төрт басты тақырыптық бағыт болады: Сыртқы саясат және қауіпсіздік Халықаралық даму және тұрақтылық Энергетика және климат Экономика және қаржы Бұл мәселелер мемлекет басшылары, бизнесмендер, ғалымдар мен сарапшылар арасында стратегиялық диалогтар аясында талқыланады. Форум ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен әрекеттер мен жаңа серіктестіктер қалыптастыру алаңы болады. Форумға тіркелу үшін ресми сайтқа өтуіңізді сұраймыз: https://astanainternationalforum.org/register . Форум туралы ақпарат алу және ұйымдастырушылармен байланыс орнату үшін форумның ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларын бақылауға болады: @AstanaIntlForum X желісінде және @AstanaInternationalForum LinkedIn-де. 2025 жылдың ең маңызды халықаралық форумдарының бірі болып табылатын диалог пен ғаламдық мәселелерді шешу процесіне қатысудан қағыс қалмаңыз!

    29 мамыр 2025 ж.Тікелей
    Астана, Казахстан