Құрметті Есіл қаласының тұрғындары!
Қалада жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Есіл қаласының бюджеті қаражаты есебінен Ғарышкерлер көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Мердігер ұйым – «Мираш-Н» ЖШС.
Қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары аясында жол жабынының бұзылуының негізгі себептерінің бірі болып саналатын көтерілген (ісінген) учаскелерді іріктеп жою жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін топырақ қазылып, әлсіреген негіз алынып тасталып, жаңа жол құрылымын салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін орташа жөндеудің келесі кезеңдері жүзеге асырылып, жаңа асфальтбетон жабыны төселеді.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде:
✅ жолдың ең күрделі учаскелері қалпына келтіріледі;
✅ жол жабынының беріктігі мен ұзақ мерзімділігі артады;
✅ көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтамасыз етіледі;
✅ автомобиль жолының қызмет ету мерзімі ұзартылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезеңде жолдың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Жүргізушілерден уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды, жылдамдық режимін ұстануды және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Есіл қаласының әкімдігі жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімін тұрақты бақылауда ұстайды.
Түсіністік пен қолдау білдірген барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз! Бірге Есіл қаласын жайлы әрі қауіпсіз ете түсеміз.
Есіл қаласында Ғарышкерлер көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды
Ұқсас материалдар

Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
Абай облысында «Этнохалық» этнофестивалі өтті
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті
Ашу
Қазақстандық спортшы Альфия Тілекқабыл пара дзюдодан әлем чемпионы атанды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
БАЛАНЫ ҚОРҒАУ – БІРЛЕСКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасыАшу
"" жаңалықтары

📚 1 қыркүйек — Білім күні!
АшуЖаңа оқу жылы қарсаңында балаға қайырымдылық көмек көрсетілді
Ашу
Есіл қаласында Ғарышкерлер көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда
АшуЕсілде теміржол вокзалы аумағындағы сауда объектілерінің бірыңғай архитектуралық келбетін талқылады
Ашу
🌱 «Таза Қазақстан»: Есілдегі тазалық пен тәртіп үшін бірге
Ашу