Аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кездесу өтті. Жиында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заңда қарастырылған негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар түсіндірілді. Семинар-кездесуді аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев ашып, жүргізді. Жиынға аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы іс-қағазға жауапты мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








