Жастар – елдің бүгіні, елдің ертеңі!

    Жастар – елдің бүгіні, елдің ертеңі!
    Қаражал қаласында «Заң мен тәртіп аясында – сенің өмірің, сенің таңдауың!» атты жастарға арналған мерекелік іс-шара өтті.
    Шараға 200-ге жуық жас қатысып, жастар форумы, көпіршікті кеш, фуршет және ашық аспан астындағы дискотека ұйымдастырылды.
    Полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесі қызметкерлері жауынгерлік даярлығын көрсетіп, кинологтар қызметтік иттердің мүмкіндіктерін таныстырды.
    Басты мақсат – жастар арасында заң мен тәртіпті насихаттап, құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
    Жастар – жарқын болашақтың негізі!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары