Есірткісіз өмірге қадам: Жезқазғанда үстел теннисінен турнир өтті

    Есірткісіз өмірге қадам: Жезқазғанда үстел теннисінен турнир өтті

    «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Жезқазған қаласында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды. Спорттық доданы Ұлытау облысы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

    Жарысқа қаладағы үстел теннисінің әуесқойлары қатысты. Басты мақсат — бұқаралық спортты дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал ету және оларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

    Есірткінің алдын алу жұмысы түсіндіру шараларымен шектелмейді. Жастарды спортқа тартып, пайдалы іске жұмылдырудың да маңызы зор. Мұндай жарыстар өзара танысып, тәжірибе алмасуға, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік береді. Ал тұрақты жаттығу тәртіпке, табандылыққа және жауапкершілікке баулиды.

    Турнир соңында жүлделі орын иеленгендер медальдармен марапатталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

    Жастардың дені сау, ортасы қауіпсіз, келешегі жарқын болуы — баршаға ортақ міндет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары