
Оның айтуынша: баласының басынан жарақат алып, қан кетіп жатқан, бірнеше секундқа есін жиып, қайтадан есінен танып қалған.
Жағдайдың шұғылдығын түсінген полицейлер уақыт жоғалтпай, баланы қызметтік көлікке отырғызып, қалалық балалар ауруханасынп жедел жеткізді.
Дәрігерлерге тапсырылғанға дейін полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігіне барынша назар аударып, қажетті көмекті ұйымдастырды.
Уақытылы әрекет — адам өміріне араша болар маңызды қадам.
Полиция қызметі — тек қоғамдық тәртіпті сақтау емес, қиын сәтте азаматқа көмек көрсету!








