«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендер мен қоғамдық орындарды абаттандыруға үлес қосу, санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.

    Полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, үйлер мен аулалардың маңайын, көшелерді және ортақ пайдаланылатын аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын белгіленбеген орындарға тастамау, қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу қажеттігін түсіндіруде. Сонымен қатар абаттандыру қағидаларын сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.

    Профилактикалық жұмыстар барысында азаматтарға тазалық пен тәртіптің тек тиісті қызметтердің ғана емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі екені жеткізілуде. Қаланың көркі мен тазалығы ең алдымен тұрғындардың өз ауласына, көшесіне және қоршаған ортаға деген жауапкершілігінен басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары