
Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында көпбалалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасыларға, сондай-ақ балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған аналар тұратын отбасыларға тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.
6 тамыз күні жүргізілген мониторинг барысында мамандар ата-аналармен және заңды өкілдермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балалардың тұрмыс жағдайына, қауіпсіздігіне, тәрбиесіне, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ерекше назар аударылды.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қауіп-қатерлердің алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау және қажет болған жағдайда отбасыларға ақпараттық әрі консультативтік көмек көрсету.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
Барлық ата-аналарды балалардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуге, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауға шақырамыз.
Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында әрбір бала үшін қауіпсіз, қолайлы және қолдауға негізделген орта қалыптастыра аламыз.









