Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мектептің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды

    МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
    Округ әкімі мектеп директоры Ғалия Серікжан
    қызы және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық барысына қатысты жиын өткізді.
    Жиында ауылдағы білім беру саласына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуы, сондай-ақ жаңа оқу жылына мектептің дайындығы қаралды.
    Сонымен қатар мектеп ғимаратының, оқу кабинеттерінің, спорттық және басқа да нысандардың дайындығы, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім алушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударылды.
    Балалардың сапалы білім алуы мен қауіпсіз ортада тәрбиеленуі – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары