1 / 3
Қарабөгет ауылдық округі әкімдігі ұжымының мақтанышы, мемлекеттік қызметкер, бас маман-есепші Жаркимбаева Мақпал Миратқызына көпбалалы ана ретінде мемлекет тарапынан «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды.
Бұл марапат – ана еңбегіне көрсетілген құрмет пен отбасылық құндылықтардың айқын көрінісі.
Мақпал Миратқызын қуанышты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасына амандық, шаңырағына шаттық, бала-шағасының қызығын көріп, әрдайым мерейі үстем болуын тілейміз! 💐
Ақ алғыстың иесі, аяулы ана атанып, абыройыңыз арта берсін! ❤️
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









