Жасына байланысты зейнетақы қалай тағайындалады!

    Жасына байланысты зейнетақы қалай тағайындалады!

    Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Зейнетақы төлемдері - бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

    Азаматтар үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу бірдей болып табылады және 1998 жылғы 1 қаңтарға (ерлерүшін 25 жыл, әйелдер үшін 20 жыл) талап етілетін өтілүшін орташа айлықтабыстың60пайызы есебінен жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 208-211 - баптарына сәйкес зейнетақы мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеген еңбек өтіліне және 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатарынан кез келген үш жылдағы орташа айлық табысқа байланысты болады.

    Бүгінгі күні 1960 жылдан кейін туылған ерлер мен әйелдер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қажетті еңбек өтілін ала алмайды, жасына байланысты зейнетақы толық емес еңбек өтілі бойынша тағайындалады және жасына байланысты зейнетақы төлемінің үлесі ретінде қолда бар еңбек өтіліне барабар есептеледі.

    Мысалы,ер адамның 1998 жылғы 1 қаңтардағы жалпы еңбек өтілі 17 жыл 4 ай-208 ай, талап етілетін 25 жыл-300 ай, орташа айлықтабысы–200000 теңгені құрады.

    Есептеу: ерлер үшін 25 жыл толық өтіл кезінде 200 000 теңге 60%-ға есептейміз, 120 000 болады; 120 000-ды 208 айға көбейтеміз және 300 айға бөлеміз; жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері 83 200 теңгені құрайды.

    Дәл осындай есептеу әйелдер үшін қолданылады, 300 айдың орнына біз 250 айды алмастырамыз, бұл 1998 жылдың 1 қаңтарында әйелдер үшін талап етілетін жалпы еңбек өтілінің 20 жылы.

    Табыс болмаған жағдайда зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі зейнетақыны негізге ала отырып есептеледі, 2026 жылға ең төменгі зейнетақы 69049 теңгені құрайды.

    Есептеу: 69 049-ні 208-ге көбейтіп, 300-ге бөлеміз жасына байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері 47 874 теңгені құрайды. 300 айдың орнына әйелдерге арналған есептеу 250 айды құрайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары