Келешек мектебінің оқушылары ЖИ көмегімен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында арнайы жобаны іске қосты

    Келешек мектебінің оқушылары ЖИ көмегімен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында арнайы жобаны іске қосты

    Ақтөбе қаласындағы №82 Келешек мектебінің оқушылары ЖИ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «QALQAN AI» инновациялық жобасын әзірледі. Жобаның авторлары – 10-сынып оқушылары Өмірзақов Ерқанат пен Жақсығали Алдияр. Жоба информатика пәнінің мұғалімі Мақат Жаналы Қабисұлтанұлының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
    «QALQAN AI» – мектептің цифрлық қауіпсіздік қалқаны. Жобаның негізгі мақсаты – жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын пайдалана отырып, мектеп аумағында орын алуы мүмкін қауіпті жағдайларды ерте анықтау және олардың алдын алуға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйе қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының білім басқармасы" жаңалықтары