Қарағанды облысының спортшылары көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иеленді

    Қарағанды облысының спортшылары көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иеленді

    Қарағанды облысының спортшылары Будапештте мәресіне жеткен көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлдегер атанды. Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде екі күміс және екі қола медаль жеңіп алып, 35 ел қатысқан жалпыкомандалық медаль есебінде төртінші орынға ие болды.

    Қарағанды облысының спортшылары көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иеленді

    Ұлттық құрама сапында Қарағанды облысының спортшылары да сәтті өнер көрсетті. Акробатикалық бағдарламада Теміртау қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің филиалында тәрбиеленетін Даяна Жаманшалова, сондай-ақ жүзуден олимпиадалық резерв мектебінің өкілдері Полина Мерзлякова, Анастасия Воронкова және София Ищенко күміс медальға қол жеткізді. Спортшылардың барлығы Олимпиадалық резерв даярлау орталығының ауыспалы құрамына кіреді.

    Тағы екі қола медальді Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі Виктор Друзин жеңіп алды. Ол техникалық және еркін бағдарламаларда жүлделі үшінші орыннан көрінді.

    Қарағанды облысының спортшылары көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль иеленді

    Спортшыларды Елена Котова, Оксана Москвичева, Илья Котов және Светлана Якушева жаттықтырады.

    Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары