Шымкент қаласы полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мылтықов Ұлықбек Тұрғынұлы Патрульдік полиция полкінің саптық жиынына қатысып, қызметкерлерге қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Саптық жиында қызмет атқару тәртібі түсіндіріліп, заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, азаматтармен жұмыс барысында жауапкершілік таныту талап етілді.

    Осы бағытта патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағында күшейтілген режимде қызмет атқарып, мопед, скутер, электрлі самокат, қоғамдық көлік және өзге де көлік құралдарына жаппай тексеру жұмыстарын жүргізуде.

    Негізгі мақсат – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары