ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ XXVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті 26-шы сессиясы өткізілді. Кезекті сессия Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың қатысуымен, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаевтың төрағалығымен өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Сессияның күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысының 2025 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебі, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің есебі тыңдалды. Сондай-ақ,

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-1 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп,

    «Батыс Қазақстан облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары бекітілді.

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 16 маусымдағы №18-4 «Батыс Қазақстан облысы бойынша толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт объектілерінің тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізіліп, обьектілер тізбесіне Зашаған кентінің Ақжайық шағын ауданында 250 төсек орынға арналған емхана мен 12000 көрерменге арналған стадион құрылысы енгізілді. Сондай-ақ, «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша жоспарына, Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізіліп,

    Батыс Қазақстан облысының қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары қабылданды.

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 «Батыс Қазақстан облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне толықтыру енгізіліп, шешімге сәйкес есту аппаррат құралдары тегін медициналық бұйымдардың тізіміне енгізілді.

    Сессия барысында депутаттар тарапынан депутаттық сауалдар жолданып, сұрақтарға жауаптар берілді.

    Қаралған мәселелердің басым бөлігі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары