Кептелістің алдын алу: Ақтауда орталық жолдарда қозғалыс реттеледі

    Кептелістің алдын алу: Ақтауда орталық жолдарда қозғалыс реттеледі

    Ақтау қаласында көлік кептелісін азайту және жол қозғалысын реттеу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жолдарды күтіп-ұстау шартына сәйкес мердігер мекеме есебінен 19, 28, 29 және 30-шағын аудандардың қиылысында жол қозғалысын оңтайландыру жұмыстары қолға алынды.

    Нақтырақ айтқанда, 28 және 19-шағын аудандар аралығындағы жол бөлгішті тарылту жұмыстары жүргізілуде.

    – Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде жолақтар саны үштен төртке дейін көбейіп, солға бұрылуға арналған жолақ саны да артады. Бұл өз кезегінде аталған учаскедегі көлік қозғалысын жеңілдетуге және кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Жол қозғалысын реттеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.

    Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғындардан жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты туындаған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары