Талдықорғанда «Былғары доп» турнирінің жеңімпаздары марапатталды

    Талдықорғанда «Былғары доп» турнирінің жеңімпаздары марапатталды

    Бүгін Талдықорғанда 2 мыңнан астам жас футболшының басын қосқан «Былғары доп» турнирінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл арнайы қатысып, жас спортшыларды жетістіктерімен құттықтап, үздік командалар мен ойыншыларды марапаттады.

    Биыл «Былғары доп» турнирі араға 15 жыл салып қайта жанданды. Турнирдің басты мақсаты балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, аула футболын дамыту, сондай-ақ жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру.

    – Көптеген бала үшін үлкен футболға бастар жол дәл осындай жарыстар мен аула алаңдарынан басталады. Әсіресе, лайықты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен нағыз спорттық мінезін танытқан «Дос», «Тұран», «Ерентал» және «Кивилева» аула командаларын ерекше атап өткім келеді, – деді Ернат Бәзіл.

    Еске салсақ, жарыс биыл 1 маусымда басталып, бүгін өз мәресіне жетті. Турнирге 4 жас санаты бойынша 121 команда және 2 мыңнан астам жас футболшы қатысып, бірнеше ай бойы үздіктерді анықтады.

    Турнир барысында ұлдармен бірге жасыл алаңда шебер ойын өрнегін көрсеткен екі жас футболшы қыз ерекше көзге түсті. Еркежан Сейдгеримова мен Самина Асқарғалиеваға арнайы құрмет көрсетіліп, олар «Футбол алаңының аруы» номинациясымен марапатталды.

    Турнир қорытындысы бойынша:

    2010–2011 жас санаты:
    🥇 І орын – «№30 орта мектеп» командасы;
    🥈 ІІ орын – «№28 IT мектеп» командасы;
    🥉 ІІІ орын – «Arlan Team» командасы.

    2012–2013 жас санаты:
    🥇 І орын – «FC DOS» командасы;
    🥈 ІІ орын – «Талдықорған» командасы;
    🥉 ІІІ орын – «№28 IT мектеп» командасы.

    2014–2015 жас санаты:
    🥇 І орын – «Қайсар» командасы;
    🥈 ІІ орын – «Имран» командасы;
    🥉 ІІІ орын – «Алаш» командасы.

    2016–2017 жас санаты:
    🥇 І орын – «№10 орта мектеп» командасы;
    🥈 ІІ орын – «Алаш» командасы;
    🥉 ІІІ орын – «№28 IT мектеп» командасы.

    Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талдықорған қаласының әкімдігі" жаңалықтары