Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, аулада қоқыс пен құрғақ шөпті жақпау, сондай-ақ балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша маңызды ескертулер айтылды. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және балалардың терезе маңында ойнауына жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар азаматтарға өрттің алдын алу үшін қауіпсіздік талаптарын күнделікті өмірде қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД