Өскеменде 2026/2027 жылғы хоккей маусымы басталды. Қазақстан кубогы аясында шығысқазақстандық «Торпедо» өз айдынында көкшетаулық «Арланды» 3:2 есебімен жеңді.
Матч басталар алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Торпедоның» 2018 жылғы тәрбиеленушісі Мейрам Әли (жаттықтырушылары: Михаил Лазоренко және Александр Шин) дәстүрлі түрде шайбаны ойынға қосты. Алғашқы минуттардан-ақ командалар жоғары қарқын көрсетті. Алаң иелері алғашқы екі кезеңде екі шайба соқса, соңғы жиырма минутта «Арлан» есеп айырмасын барынша қысқартты. Алайда қонақтар есепті теңестіре алмады. Ойын нәтижесінде «Торпедо» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шығыс Қазақстандағы жаңа маусым тартысты ойынмен, лық толы трибуналармен және өскемендік команданың алғашқы жеңісімен басталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









