Тамыз конференциясы туралы

    Тамыз конференциясы туралы

    Ағымдағы жылдың 14 тамызында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Жаңа халықтық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негіздері» атты педагогтардың тамыз конференциясына қатысты.

    Кеңеске Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев, педагогикалық еңбек ардагерлері, педагогтер, мемлекеттік органдардың басшылары мен басшыларының орынбасарлары, бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

    Спикерлер ретінде ҚР Премьер – Министр орынбасарының ҚР АИ және цифрлық даму министрінің кеңесшісі – Нұрлан Мұратұлы Қиясов, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, білім беру мазмұны және дидактика бойынша сарапшы Руслан Әділханұлы Қаратабанов, Петропавл қаласының № 29 жалпы білім беретін мектебінің директоры Сәуле Нұрғалиқызы Тұрсынова, облыстық ардагерлер кеңесінің басшысы Жангелді Уақпанұлы Тәжин және бизнес өкілдері сөз сөйледі.

    Конференцияда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Петрович Карамбаев және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов сөз сөйледі.

    Конференцияда: Конституциялық құндылықтарды декомпозициялау және іске асыру тетіктері; білім берудегі жасанды интеллект; «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылыққа негізделген тәрбиенің жаңа бағыты мәселелері талқыланды.

    Конференция соңында бірқатар педагогтар, білім беру ұйымдарының қызметкерлері медальдармен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Сондай-ақ, «ЛОРД дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ директоры Шаукерова Светлана Набиевнаға «Үздік білім беру ұйымы» конкурсының қорытындысы бойынша сертификат табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары