Көкшетау қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Алаяқтар әлеуметтік желілер мен интернет-платформаларды пайдаланып, өздерін банк қызметкері, сатушы немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстыруда.
Бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтар мен құпия сөздерді хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыз.
Абай болыңыз! Алаяқтыққа тап болған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыз.
Ақмола облысының прокуратурасы




