Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ертаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Alageum» Петропавл электротехникалық зауытында болды.
Кәсіпорынды аралау барысында Министр қауіпсіз еңбек жағдайларының ұйымдастырылуымен, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Жас мамандарға ерекше көңіл бөлінді. Кездесу барысында оларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген негізгі еңбек құқықтары мен кепілдіктері түсіндірілді.









