
Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен құттықтайды!
14 тамыз — еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен әл-ауқатының тірегі болып келе жатқан жүйенің қалыптасу және даму тарихындағы айрықша күн.
Мемлекеттік кірістер органдары өз тарихында үлкен жол жүріп өтті — құқықтық негіздердің қалыптасуынан бастап әкімшілендірудің заманауи цифрлық технологияларын енгізуге дейін. Бүгінде біздің қызметіміз — мемлекеттік бюджеттің ашық әрі тиімді толықтырылуын қамтамасыз ететін кәсіби мамандар ұжымы.
Салық және кеден органдарының жұмысы — бұл жай ғана төлемдерді жинау емес, әрбір қазақстандықтың білім алуына, денсаулық сақтауына, инфрақұрылым мен әлеуметтік қорғалуына қосылған үлес. Жауапкершілік, адалдық және кәсібилік — жүйемiздің әрбір қызметкері басшылыққа алатын құндылықтар.
Осы мерекелік күні мемлекеттік кірістер органдарының барлық ардагерлері мен қызметкерлеріне адал еңбегі, іске деген берілгендігі және еліміздің экономикасын нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Барлығыңызға мықты денсаулық, кәсіби табыстар, әл-ауқат және Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында жаңа жетістіктер тілейміз!
Мерекелеріңізбен!









