ДЕПУТАТТЫҚ ҚАБЫЛДАУ

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    2026 жылдың 12 және 14 тамыз күндері кезекті мәслихат депутаттарының қабылдауы Индербор кентінде және ауылдық округтерінде өткізді.

    Қабылдауға келген тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы айтты.

    Атап айтқанда:

    Инфрақұрылым және жол мәселелері – тұрғындар жолдардың жағдайын жақсарту, шұңқырлар мен ойылған жерлерді жөндеу, жол белгілерін ретке келтіру қажеттігі, сонымен қатар Есбол және Ынтымақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу барысында көше жарықтандыруы, ауыл тазалығы, ауыл сыртындағы зиратты қоршау және өзге де мәселелер көтерілді.

    Шығыс мөлтек ауданында интернет байланысының сапасы төмен екендігі айтылып, тұрақты әрі жылдам интернетпен қамтамасыз ету үшін матчталық антенна орнату және қоқыс алаңы (полиггон) орнын ауыстыру, Барлаушы мөлтек ауданында балалар ойын алаңдарына қоқыс жәшігін көбейту және бейнебақылау орнату қажеттігі және М. Жұмабаев көшесіндегі апатты үйлерді сүру, т.б.м әселелер көтерілді. Депутаттар тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын назарға алып, аталған мәселелердің шешілуіне ықпал ету үшін тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданды.

    Аудандық мәслихат аппараты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары