Талдыбұлақ ауылында жоғары жылдамдықтағы интернет желісін орнату жұмыстары жалғасын табуда

    ·
    Талдыбұлақ ауылында жоғары жылдамдықтағы интернет желісін орнату жұмыстары жалғасын табуда

    Теректі ауылдық округіне қарасты Талдыбұлақ ауылында тұрғындарды сапалы әрі жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

    Қазіргі уақытта интернет желісін тарту және қажетті инфрақұрылымды орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аталған жоба ауыл тұрғындарының заманауи цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, онлайн білім алу, ақпарат алмасу, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Жұмыстардың толық аяқталуы нәтижесінде Талдыбұлақ ауылының тұрғындары тұрақты әрі сапалы интернет қызметіне қол жеткізеді деп күтілуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары