Теректі ауылдық округінде үй жануарларын идентификациялау және чиптеу жұмыстары жүргізілуде

    1 / 4

    Теректі ауылдық округінде үй жануарларын идентификациялау және чиптеу жұмыстары жүргізілуде

    Теректі ауылдық округінде үй жануарларын, соның ішінде иттер мен мысықтарды есепке алу, сәйкестендіру (чиптеу) және олардың санын бақылау мақсатында жоспарлы іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде.

    Аталған жұмыстар халықтың қауіпсіздігін камтамасыз ету, қаңғыбас иттердің көбеюіне жол бермеу және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру бағытында қолға алынған.

    Маңызды шара округ әкімдігінің ұйытқы болуымен, білікті ветеринария мамандары мен учаскелік полиция инспекторларының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылуда:

    • Ветеринар мамандар үй жануарларына микрочип орнатып, оларды арнайы ветеринариялық дерекқорға (ISU/TANBA) тіркеуде. Сонымен қатар, жануарлардың денсаулығын тексеріп, тиісті екпелер салады.

    • Ауылдық округ әкімдігі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, есепке алу шараларының ұйымдастырылуын қадағалайды.

    • Учаскелік полиция инспекторлары «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында үй жануарларын ұстау, серуендету ережелерін түсіндіріп, заңнама талаптарының сақталуын назарда ұстауда.

    Маңызды: Жануарды чиптеу — бұл оның иесін анықтаудың ең сенімді жолы. Егер үй жануары жоғалып кетсе, чиптағы бірегей нөмір арқылы оның иесін оңай табуға болады. Сонымен қатар, бұл қадам үй жануарларын көшеге тастап кету жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

    Теректі ауылдық округінің әкімдігі тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытып, мал дәрігерлері мен полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға және өз үй жануарларын уақытылы тіркеуден өткізуге шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары