1 / 3
Алакөл ауданы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Алакөл ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 18 маусымдағы №46-Ө өкіміне сәйкес ведомствоаралық мобильді топ құрылып, Теректі ауылдық округі бойынша тұрғын үйлердің аулалары, іргелес аумақтары, көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық тазалығы тексерілді.
Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде санитарлық тазалық талаптарын сақтамаған 2 тұрғын үй иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









