Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері талқыланды

    Ағымдағы жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті сақтандыру компанияларының өкілдерімен кеңес өткізді.

    Кеңес барысында жұмыс берушілердің еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен қамту деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.

    Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілерді міндетті сақтандырумен қамтуды ұлғайту, сондай-ақ жұмыс берушілер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөніндегі іс-шаралар кешенін көздейтін Бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

    Бірлескен іс-шараларды іске асыру жұмыс берушілердің міндетті сақтандыруды уақытылы ресімдеу қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыруға және оған қоса қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті" жаңалықтары