Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! 2026 жылдың 23 тамызында Құрылтайға сайлау өтеді.
Түркістан облысында сайлауға қатысатын мүгедектігі бар 14 873 азамат бар. Олардың сайлау құқықтарын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруы үшін сайлау учаскелерінде қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.
Облыс аумағында 952 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, сайлау учаскелерінде жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін ғимаратқа кедергісіз кіріп-шығу және ғимарат ішінде еркін қозғалу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет.
Атап айтқанда:
- пандустардың немесе кіреберістің өзге де қолжетімді шешімдерінің болуы;
- тактильді көрсеткіштер мен ақпараттық материалдардың қолжетімділігі;
- көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін дауыс беруге қажетті жағдайлардың жасалуы;
- есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін қажетті ақпараттың қолжетімді түрде ұсынылуы;
- дауыс беру кезінде қажетті көмек көрсету мүмкіндігінің қарастырылуы.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне және сайлау учаскелерінде қолжетімді ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударады.
Әрбір азаматтың сайлау құқығын еркін және кедергісіз жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету – маңызды міндет.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық әрі кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс.
23 тамызда әрбір дауыс маңызды!









