«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1204 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды беру алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды бұдан былай бермейді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 542 қаулысымен қолданысқа енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542#z36).
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 5 пайыз, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз көлемінде, Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады, мынадай құжаттар болған кезде:
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Републикасының Заңында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген қызметтің немесе жекелеген әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу куәлігі (тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына сәйкес берілген рұқсат құжаты (тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде).
Кедендік ресімдеуге және салық жеңілдіктерін қолдануға құжаттар дайындау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Тізбенің жаңартылған нұсқасын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001204
Құрметті өтініш берушілер!
Ұқсас материалдар

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатыАшу
Толық мемлекеттік қамтамасыз ету кезінде қаржыландыру тәртібі жетілдіріледі
Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті»Ашу
СҚО: орналастыру нысандарының өрт қауіпсіздігі — басты назарда
Ашу
Қажетті сәтте жанынан табылды: ЖҚАЖ қызметкері қызды биіктіктен құтқарды
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Рузаев ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"" жаңалықтары

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдерімен семинар-кеңес өткізді.
Ашу
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні Департамент басшысы А.М.Латыпованың төрағалығымен департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – ортақ міндет тақырыбында жиналыс өтті.
Ашу
Ахмет Байтұрсынұлы
Ашу
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде сағат 11.00-де №3 Қалалық емханасы ғимаратында «Қызмет алушылар күні» өткізілуіне орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы меклекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Дарига Мергалиевна Елеуова және Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Аскар Исламгалиевич Жанабергенов мемлекеттік қызмет көрсету бойынша консультативті көмек көрсететінін хабарлайды.
Ашу
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Ашу