Ахмет Байтұрсынұлы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Жангелді ауданы, Қостанай облысы дүниеге келген) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.
    «Оқуға шақыру» атты Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңі
    Балалар!
    Оқуға бар!
    Жатпа қарап!
    Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
    Шақырды тауық мана әлдеқашан,
    Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
    Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
    Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
    Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
    Барады аралар да ұшып балға.
    Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
    Оянып жан-мақұлық түнде қонған,
    Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,
    Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
    Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
    Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
    Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!
    Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары