
Мойынқұм ауданы әкімдігі, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2026 жылдың 3-тоқсанында аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары аудан әкімдігіне қарасты келесі бөлімдер мен ауыл, ауылдық округ әкімдерінің аппаратарының қызметінде жүргізілетіндігін хабарлайды:
- Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі;
- Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі;
- Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі;
- Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі;
- Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
- Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі;
- Қызылтал ауылдық округі әкімінің аппараты;
- Қызылотау ауылдық округі әкімінің аппараты;
- Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты;
- Шығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты;
- Ақсүйек ауылы әкімінің аппараты;
- Мирный ауылы әкімінің аппараты;
- Хантау ауылдық округі әкімінің аппараты;
- «Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мойынқұм аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
- «Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мойынқұм су-жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.









