Зеренді ауылындағы Горький көшесіндегі су өткізгіш нысан жөнделді

    Зеренді ауылындағы Горький көшесіндегі су өткізгіш нысан жөнделді

    Аудан әкімі Әсет Құрманғожиннің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Зеренді ауылының «Совхоз» ауданындағы Горький көшесінде орналасқан су өткізгіш нысанды жөндеу туралы шешім қабылданды.
    Бұған дейін тұрғындар бұл жерде қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелін ұйымдастыру туралы бірнеше рет өтініш білдірген болатын. Жөндеу жұмыстары аясында бұл мәселе шешіліп, жаңа қоршаулар орнатылып, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз өткел жабдықталды.
    Жөндеу барысында нысан толықтай бұзылып, негізі дайындалды, арматуралау және бетондау жұмыстары жүргізілді, су өткізгіш сақиналар орнатылып, жаңа асфальт төселді.
    Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары