Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты
Әкімдік туралы
"Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Зеренді ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ әкім аппараты туралы осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.