2025жылдыңқорытындысыбойынша
Қазақстанныңдемографиялықсипаттамасыжәнеболашаққаболжамдар
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млнадам ға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі азаматтар – 8,79 млн адам (42,9%), 25 жастан 65 жасқа дейінгілер – 9,73 млн адам (47,5%), 65 жастан асқандар – 1,98 млн адам (9,6%) [1]. Демографиялық болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай халық саны 26,5 млнадамға дейін өседі.
Қазақстан халқы санының өсуімен қатар оның жасқұрылымы да өзгеруде: өмір сүру ұзақтығы артып, туу деңгейі төмендеп, егде жастағы азаматтардың үлесі өсуде, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық санының зейнеткерлер санына арақатынасы қысқаруда. Бұл өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне, оның ішінде зейнетақы жүйесіне елеулі ықпал етуде.
Демография менеңбекнарығындағыжаһандықүрдістерді ескере отырып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «зейнетақыжүйесініңқаржылықтұрақтылығыннығайту,ұзақмерзімдітеңгерімдіжәнезейнетақылардыңлайықтыдеңгейінқамтамасызетужөніндешараларқабылдау» міндетін қойды.
Өмірсүруұзақтығыжәнеегдежастағыадамдардыңүлесі
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы (КӨСҰ) [2] 2020-2021 жылдары COVID-19 індетіне байланысты төмендеген 2021 жылғы 70,23 жастан 2025 жылы 75,97жасқа дейін өсті.
Осындай үрдіс жаһандық деңгейде де байқалады: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауынша, індет кезінде 71,4 жасқа дейін төмендеген әлемдегі орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай індетке дейінгі деңгейіне қайта оралып, орта есеппен 73,8жасқа жетті.
Осылайша, Қазақстан күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің өсуі бойынша әлемдіккөшпен бірге жылжып келеді (кестені қараңыз):
Жыл |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
Бүкіл халық(жасы) |
71,97 |
72,41 |
72,95 |
73,15 |
73,18 |
71,37 |
70,23 |
74,44 |
75,09 |
75,44 |
75,97 |
Ерлер(жасы) |
67,49 |
67,99 |
68,72 |
68,84 |
68,82 |
67,09 |
66,33 |
70,26 |
70,99 |
71,33 |
72,91 |
Әйелдер(жасы) |
76,26 |
76,61 |
76,92 |
77,19 |
77,3 |
75,53 |
74,03 |
78,41 |
79,06 |
79,42 |
79,8 |
Бұл ретте егде жастағы халық үлесінің айтарлықтай өсуі болжанады. БЖЗҚ мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай 60жәнеоданжоғарыжастағы азаматтардың үлесі Қазақстандағы халықтың жалпы көлемінің 18,8% - на жетеді, бұл халықаралық жіктеу бойынша "демографиялық кәріліктің өте жоғары деңгейі" көрсеткішіне сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, ғасырдың ортасына қарай орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады.
Халықтыңжалпыкөлеміндегі60және одан үлкен жастағы
адамдардыңүлесдерегіменболжамы
Туудыңжиынтықкоэффициенті
Халықтың құрылымына айтарлықтай әсер ететін көрсеткіштердің бірі – туудыңжиынтықкоэффициенті(ТЖК). Ол бір әйелдің бүкіл репродуктивтік кезеңі ішінде (яғни шамамен 15 жастан 50 жасқа дейін) орта есеппен қанша бала туатынын көрсетеді.
2020–2021 жылдардағы ТЖК-нің қалыпты өсуінен кейін, оның тұрақты төмендеу үрдісі байқалды: 2021 жылғы 3,32-ден 2022 жылы 3,06-ға дейін, ал 2025жылы 2,57-ге дейін төмендеді. БҰҰ-ның ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, 2050жылғақарай Қазақстандағы ТЖК-нің бір әйелге шаққанда 2,39 бала деңгейіне дейін төмендейді.
Қазақстандағы 2015–2025 жылдар аралығындағы ТЖК-нің нақты мәндері төмендегі кестеде көрсетілген:
Жыл |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
2019 |
2020 |
2021 |
2022 |
2023 |
2024 |
2025 |
ТЖК |
2,74 |
2,77 |
2,75 |
2,84 |
2,90 |
3,13 |
3,32 |
3,06 |
2,97 |
2,80 |
2,57 |
Туу деңгейінің төмендеуі – әлемдік деңгейде байқалып отырған үрдіс. Бұл өмір сүру ұзақтығының артуымен қатар жүріп, еңбекке қабілетті жастағы халық үлесінің қысқаруына алып келеді. Соның салдарынан экономикалық белсенді халыққа түсетін демографиялық жүктеме артады.
Көші-қонсальдосы[3]
Қазақстандағы БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) өкілдігі «Қазақстан Республикасындағы халықтың ахуалын талдау» атты есебінде 2050жылғақарай көші-қонсальдосыныңбіртіндепнөлдікдеңгейге (1000 адамға шаққанда 0) жететінін болжайды. Бұл болжам республиканың еңбек күшіне деген жоғары сұраныспен қатар жүретін экономикалық дамуына, этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі елдер халқының жылдам өсуіне негізделген.
Төменде 2021–2025 жылдар аралығындағы иммигранттар мен эмигранттар саны келтірілген:
Жыл |
2 021 |
2 022 |
2 023 |
2 024 |
2 025 |
Келді |
11 039 |
17 425 |
25 387 |
29 282 |
23 761 |
Кетті |
32 256 |
24 147 |
16 094 |
12 732 |
7 608 |
Көші-қон сальдосы |
-21 217 |
-6 722 |
9 293 |
16 550 |
16 153 |
Осылайша, індеттен кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны 2021 жылдан бастап 2,15 есе өсті, ал кеткендердің саны 4,24 есе азайды.
Әлеуеттіқолдаукоэффициенті
Әлеуетті қолдау коэффициенті (ӘҚК) – әлемде еңбекке қабілетті жастағы адамдар санының (25-тен 64 жасқа дейін) 65 жастағы және одан асқан адамдар санына қатынасы ретінде есептелетін көрсеткіш. Бұл коэффициенттің төмендеу үрдісі жалғасып келеді.
Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25–64 жас) егде жастағы адамдарға (65 жас және одан жоғары) арақатынасы 2012 жылғы 7,68-ден 2025жылы4,95-ке дейін төмендеді. Егде жастағы халық санының күтілетін өсімін 25-тен 64 жасқа дейінгі халық үлесінің қысқаруымен ұштастыра отырып (диаграмманы қараңыз) жасалған болжамдарға сәйкес (БЖЗҚ-да, БҰҰ-да), Қазақстанда 2025-2050 жылдар кезеңінде ӘҚК 1,4еседен астам төмендейтінін білдіреді: 65+ жастағы 1 адамға шаққанда еңбекке қабілетті жастағы 3,42 адам ғана келеді.
Әлеуетті қолдау коэффициенті бойынша нақты дерек пен болжам
Осылайша, бүкіл әлемдегідей, Қазақстандағы демографиялық өзгерістер де ел бюджетіне түсетін әлеуметтік жүктемені күшейтетін болады. Мұндай жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы арта түседі. Бұл жүйеде болашақ зейнетақы жұмыскер мен жұмыс берушінің жарналары есебінен қалыптастырылады, соның нәтижесінде бюджетке ұзақ мерзімді кейінге қалдырылған міндеттемелер жүктелмейді, зейнетақы жүйесінің теңгерімділігіменқаржылықтұрақтылығы қамтамасыз етіледі және оның демографиялықфакторларғатәуелділігі төмендейді.
Демографиялықөзгерістержағдайындағыжекезейнетақыныжоспарлау
Демографиялық өзгерістер (халықтың қартаюы, өмір сүру ұзақтығының артуы, бала туу деңгейінің төмендеуі) жағдайында жеке зейнетақыны жоспарлаудың рөлі артып келеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға тұрақты жарналар мен инвестициялық кіріс есебінен өздерінің болашақ зейнетақы түріндегі табыстарына өз бетінше ықпал етуге мүмкіндік береді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер зейнетақы жинақтарын басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұдан басқа, әрбір ИПБ тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялар құрылымы бойынша ерекшеленетін үшинвестициялықпортфельгедейін (консервативті, қалыпты және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Бұл салымшыларға өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық стратегияны таңдауға мүмкіндік береді.
ҚРҰБ мен ИПБ-ның инвестициялау нәтижелері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ-ныңinvest.enpf.kzарнайыпорталынан алуға болады. Зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін БЖЗҚ екі ыңғайлы сервис – «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспарын» ұсынады. Олар БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Осы сервистердің көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін есептеп, келешек кірісті арттырудың ықтимал жолдарын анықтауға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында)
[1] Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (ҚР СЖРА ҰСБ) деректері бойынша
[2] Халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылғыдай сақталған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының күтілетін мәні
[3] Белгілі бір кезең ішінде қандай да бір аумаққа келгендер саны мен одан кеткендер (қоныс аударғандар) санының арасындағы айырмашылық.




