Алтай ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.А. Асқарова мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Алтай ауданы әкімінің орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Ж.А. Асқарова мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


    Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі талаптары, қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық, ашықтық, бейтараптық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау мәселелері қарастырылды.
    Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау және мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Ж.А. Асқарова әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметке деген азаматтардың сенімін арттырудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алтай ауданының әкімдігі" жаңалықтары