
2026 жылғы 11 тамыз күні Талдықорған қаласындағы Қаратал жағажайында «Qosyl Fest–2026» жастар фестивалі аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастарды қолдауға және олардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету.
Іс-шараны «Жетісу жастары» ұйымы мен «Мансап орталығы» бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 10-ға жуық жұмыс беруші қатысып, жастарға 40-қа жуық бос жұмыс орнын ұсынды.
Жәрмеңке барысында жастар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, ұсынылған бос жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері бойынша қажетті ақпарат пен кеңестер алды.
Іс-шара жастардың еңбек нарығына белсенді араласуына, кәсіби бағыт-бағдарын айқындауына және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге қажетті жас мамандарды табуға және жастармен тікелей байланыс орнатуға жағдай жасалды.








