✅ 2026 жылғы 13 тамызда сағат 15:00-де Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир барысында білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты өзекті мәселелер қаралып, қатысушыларға оларды алу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауаптар беріледі.
Эфирге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсіндірмелерді онлайн режимде ала алады.
📅 Күні: 2026 жылғы 13 тамыз
🕒 Уақыты: 15:00
📱 Форматы: тікелей эфир
📍 Платформа: Департаменттің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы.
Баршаңызды тікелей эфирге қатысуға шақырамыз!









