Футболдан жарыстың қорытындысы

    Футболдан жарыстың қорытындысы

    Футболдан жарыстың қорытындысы

    Футбол турнирі Қостанай қаласы командасының жеңісімен аяқталды. Қостанайлықтар барлық кездесуде жеңіске жетіп, мүмкін болған 9 ұпайдың 9-ын жинады. Сонымен қатар, турнирде ең көп гол соғып, қарсыластар қақпасына 12 доп енгізді. Осылайша, Қостанай қаласының командасы Спартакиаданың алтын медальдарын жеңіп алды.

    Жарыс қожайындары — Арқалық қаласының футболшылары 4 ұпай жинап, доп айырмасы бойынша дәл сондай 4 ұпайы бар Лисаковск қаласының командасын басып озып, күміс жүлдеге ие болды. Лисаковск командасы қола медальді жеңіп алды. Төртінші орынды финалдық кезеңде ұпай жинай алмаған Қостанай ауданы командасы иеленді.

    1 орын — Қостанай қаласы 🥇
    2 орын — Арқалық қаласы 🥈
    3 орын — Лисаковск қаласы 🥉
    4 орын — Қостанай ауданы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары