ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 42-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

    ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 42-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2026 жылдың 12 тамызы күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 42-ші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы ашып жүргізді.

    Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Т.Губайдуллин, аппарат басшысы А.Жанқуатов қатынасты.

    Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды.

    1. «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 29 маусымдағы №108 қаулысын бекіту туралы;

    2.«Қызылқоға ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» аудан әкімдігінің 2023 жылғы 13 ақпандағы №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №117 қаулысын бекіту туралы;

    1. «Аудан әкімдігінің құрамы туралы» аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №239 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 14 шілдедегі №118 қаулысын бекіту туралы;
    2. «Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы №216 «Қызылқоға ауданының терроризмге қарсы комиссиясын құру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудан әкімдігінің 2026 жылғы 20 шілдедегі №119 қаулысын бекіту туралы;
    3. «Аудан әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы №306 «Қызылқоға ауданын басқару схемасы туралы» өкіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімінің 2026 жылғы 8 шілдедегі №196-ө өкімін бекіту туралы;
    4. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №13-1 «Қызылқоға аудандық аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    5. «Қызылқоға ауданы бойынша бөлшек салықтық арнаулы салық режимін қолдану кезінде мөлшерлеме мөлшерін төмендету туралы» Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы №15-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

    Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы қорытындылап, нәтижесінде барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылқоға ауданының мәслихаты" жаңалықтары