ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 44-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

    ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 44-ШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ.

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2026 жылдың 8қазаны күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 44-ші сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Бейсқали Толқын Ермекқызы ашып жүргізді.

    Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушыТ.Губайдуллин, аудан әкімінің орынбасары Ж.Есенғалиев, аппарат басшысы, округ әкімдері, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкіліқатынасты.

    Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

    1. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №36-3 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
    2. Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №36-4 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихат депутаттары Е.Нуров, С.Темірғалиев сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты.

    Бейсқали Толқын Ермекқызы қорытындылап, нәтижесінде барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

    ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылқоға ауданының мәслихаты" жаңалықтары