Алмалы ауданының компьютерлік клубтарындағы түнгі рейдтер

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында Алмалы ауданы әкімі аппаратының, прокуратура және полиция қызметкерлері бірлесіп компьютерлік клубтарда профилактикалық түнгі рейд өткізді.
    Тексерулердің басты міндеті — жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың түнгі уақытта қалада қараусыз жүруіне жол бермеу.
    ❗️Естеріңізге саламыз: кәмелетке толмағандардың сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз болуына қатаң тыйым салынады.
    Рейдтік іс-шаралар барысында:
    🔹 Түнгі уақыттағы жас шектеулерінің сақталуы тексерілді.
    🔹 Мекеме әкімшіліктерімен жасөспірімдерді сағат 22:00-ден кейін кіргізгені үшін жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    🔹 Анықталған барлық бұзушылық фактілері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
    Аудан аумағында құқықтық тәртіпті сақтау үшін осындай профилактикалық рейдтер тұрақты негізде өткізілетін болады.
    Уважаемые ата-аналар, сіздерді жауапкершілік танытып, балаларыңыздың кешкі және түнгі уақытта қайда жүргенін бақылауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алмалы ауданы Әкімінің аппараты" жаңалықтары