«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы

    «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы
    Ұлытау облысының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылап, жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Негізгі назар мас күйінде көлік басқару, жылдамдықты арттыру және өзге де жол ережелерін өрескел бұзудың алдын алуға бағытталған.
    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының полиция департаменті" жаңалықтары