«Қауіпсіз жол»: Абай облысында бір күнде 306 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    «Қауіпсіз жол»: Абай облысында бір күнде 306 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру мақсатында 10–12 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

    Іс-шара барысында облыс аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына күшейтілген бақылау жүргізіп, жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударуда.

    Бір тәулік ішінде полиция қызметкерлері 306 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

    Атап айтқанда:

    жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу – 4;
    Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің бұзылуы – 7;
    мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлікті басқару – 14;
    техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару – 74;
    тиісті рұқсатсыз көлік құралын қайта жабдықтау – 8;
    мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқару – 21;
    көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану – 60;
    жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау – 89;
    қарсы қозғалыс жолағына шығу – 2;
    көлік құралын мас күйінде басқару – 2;
    көлік басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы – 9;
    көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 5 факт.

    Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Омаров жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

    «Жол қауіпсіздігі – тек полицияның емес, әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі. Бір қарағанда болмашы болып көрінетін ережені бұзудың өзі ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белдігін тағуды, көлік басқару кезінде телефон қолданбауды және мас күйінде рөлге отырмауды сұраймыз. Басты мақсатымыз – жазалау емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғау», – деді полиция полковнигі Бауыржан Омаров.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары