Ең басты құндылық – адам өмірі

    Ең басты құндылық – адам өмірі

    Ең басты құндылық – адам өмірі.

    Осы қағиданы негізге ала отырып, тергеу изоляторының кезекші ауысым қызметкерлеріне «Күдіктілер, айыпталушылар және сотталғандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу. ҚАЖ қызметкерлерінің рөлі» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында мекеме психологтары суицидтің алдын алу, қауіп белгілерін дер кезінде анықтау және психологиялық қолдау көрсету тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Теориялық бөлім тәжірибелік ойын элементтерімен ұштасып, қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.

    Мұндай кездесулер қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өмірін сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары