АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    Мұнайлы ауданы әкімінің төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті.

    Отырыста:
    * 2026 жылға арналған Мұнайлы ауданы бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың қосымша резервтерін іздестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы;
    * Мұнайлы ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарының орындалысы;
    * Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары қаралды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық кірістер басқармасы, экономика және қаржы бөлімі, сондай-ақ Дәулет және Баянды ауылының әкімдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді.

    Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары