Аудан әкімі «Мәдениет» ЖШС-де жасымық жинау барысымен танысты

    Аудан әкімі «Мәдениет» ЖШС-де жасымық жинау барысымен танысты

    ️Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай жұмыс сапары аясында «Мәдениет» ЖШС-не барып, жасымық жинау науқанының барысымен танысты.
    Сапар барысында аудан әкімі жасымық пен бидай алқаптарын аралап көрді.
    Серіктестік басшысы Ержан Съезбек егіс алқаптарындағы қазіргі жағдай, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, егін жинау жұмыстарының қарқыны және ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы туралы баяндады.
    Аудан әкімі егін жинау науқанын табысты өткізу нақты ұйымдастыруды, техниканы тиімді пайдалануды және агротехникалық мерзімдердің қатаң сақталуын талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ шаруашылық ұжымына қолайлы ауа райын, мол өнім және науқанның сәтті аяқталуын тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының әкімдігі" жаңалықтары