«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

    2026 жылғы 7–8 тамыз аралығында Қызылорда облысының аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының мамандарымен бірлесіп мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады. Сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтар тексеріліп, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

    Қажет болған жағдайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі.

    Полиция департаменті азаматтарды тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы уақытылы хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш міндетті түрде қаралып, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары